Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері » Ават мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
09
февраль
2023

Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері

Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері


Психологиялық қызметтің мақсаты: білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1)білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін – өзі тәрбиелеу және өзін – өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

2)білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

3)білім алушыларды психологиялық – педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;

4)психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

5)психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

6)білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;

7)психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата – аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;