Оқу әдістеме саласының жұмыстары бойынша SWOT талдау » Ават мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқу әдістеме саласының жұмыстары бойынша SWOT талдау
10
февраль
2023

Оқу әдістеме саласының жұмыстары бойынша SWOT талдау

 2022-2023 оқу жылының оқу әдістеме саласының жұмыстары бойынша  

SWOT талдау

Күшті жақтары: 

-Мұғалімдердің     білімдерін жетілдіруі.

-7  мұғалім жаңартылған білім беру бағдарламасын оқып сертификатталды;

-33 мұғалім өз білімін жетілдіру бойынша жекелеген пәндік курстардар өтті

-Барлық мұғалім      қысқа мерзімді «Қашықтан оқытуды үйренемін» курсын тәмамдады; 

-Қабілетті оқушылармен жұмыстың нәтижесі бойынша облыстық және республикалық  деңгейдегі сайыстардан жүлделі орын көрсетуі; 

-Оқушылар аудан, облыс, республика көлемінде өткен сайыстардың жүлдегерлері; 

-Педагог-зерттеуші және педагог-сарапшы мұғалімдердің   іс-тәжірибелерімен  бөлісуі; 

-Пән бірлестіктерінің онлайн форматта жоспарлаған онкүндіктерінің нәтижелі өтуі;


Әлсіз жақтары: 

-Жас мамандардың     тәжірибесінің аздығынан кәсіби біліктілігінің әлсіздігі; 

- Көрнекілік құралдардың аздығы және пән кабинетінің  жүйелі жабдықталмауы;

-Педагогтерді курстан кейінгі қолдау жұмыстарының іске асырылмауы; 

-Пән бірлестік мұғалімдерінің пәндік құзыреттілік бойынша курстардан өтпеуі;

-Факультатив сабақтарының  нәтижесінің төмендігі; 

 -11-сынып бітірушілерінің ҰБТ-ден төмен нәтиже көрсетулері;  

-Оқушылардың облыстық пән олимпиадасына сайыстарға аз қатыстырылуы; 

-Мұғалімдердің кәсіби байқауға қатысуларының төмендігі; 

-Кейбір мұғалімдердің     жаңартылған білім беру бағдарламасын жеткілікті меңгермегендігі себепті сабақтарында нәтижелі ықпалдастыра алмауы; 

- Бұқара ақпарат құралдарына өткізілген іс шаралардың уақтылы жарияланбауы; 

Мүмкіндіктері: 

-Оқушылармен қосымша жұмыс жүргізу үшін пән кабинеттерінің ыңғайлылығы, қолайлығы;

- Оқушылардың білім алуына қажетті электронды кітаптар, мектеп кітапханасы, интернет желісі т.б. қолжетімділігі;  

-Оқушылар мен мұғалімдердің білімдерін, өнерлерін шыңдайтын кәсіби байқаулар, білім сайыстары, қашықтықтан сайыстардың  көптігі;

-Оқушылардың жаңашылдыққа, АКТ-ға құлшыныстарының өте жоғары болуы; 

-Мұғалімдердің кәсіби өсуіне, іс әрекеттегі зерттеумен айналысуына мектеп әкімшілігінің қолдау көрсетулері;

-«Полиглот» ӘП бірлестігі онкүндігінің өту мерзімін қазан айына ауыстыру мүмкіндігі;



Қауіп-қатерлер: 

-Мұғалімдердің оқуды, ізденуді тоқтатуының салдарынан  кәсіби өсе алмауы, керісінше тоқырауға ұшырауы; 

-АКТ-дан білімдерінің әлсіздігі салдарынан оқушылардың сабаққа қызығушылығын оята алмауы; 

-Оқушыларға жеке-дара дұрыс  көңіл бөлмеуінен, зерттей алмауынан  олармен     қарым-қатынастың, байланыстың нашарлауы; 

-Оқушылардың алған білімдерін өмірінде қолдана алмауы.