2021 – 2022 оқу жылының оқу-әдістеме саласы бойынша атқарылған жұмыстардың жылдық қорытынды есебі » Ават мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021 – 2022 оқу жылының оқу-әдістеме саласы бойынша атқарылған жұмыстардың жылдық қорытынды есебі
10
февраль
2023

2021 – 2022 оқу жылының оқу-әдістеме саласы бойынша атқарылған жұмыстардың жылдық қорытынды есебі

«Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылында оқу әдістемелік жұмыстар бойынша өткен оқу жылының Swot талдауындағы басымдықтарды негізге ала отырып ағымдағы оқу жылының мақсат міндеттері мен жұмыс жоспары әзірленді. 

Мектептің жұмыс тақырыбы: Жаңару іс-әрекеті арқылы оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жетілдіре отырып, жеке тұлға қалыптастыру


Мақсаты: Сындарлы оқыту әдіс-тәсілдерін тәжірбиеге ендіре отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру.


2020-2021 оқу жылының Swot талдауы


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • Ұжымда психологиялық ахуалдың дұрыстығы, ынтымақтастықтың орнауы;
  • Атқарылған іс-шаралардың мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелердің айқындығы;
  • Жоспарланған іс-шаралар қолжетімділігі;
  • Кадрлар мәселесінің дұрыс жолға қойылуы, жеткіліктілігі;
  • Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің болуы (мектеп басшысы-1, 1 деңгей-3, 2 деңгей-3, 3 деңгей-2);
  • Мұғалімдердің сабақта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруі;
  • Мұғалімдердің білім саласына енгізіліп жатқан ақпараттар көзімен таныс болуы;
  • Аудандық семинарлар, мектепішілік көрмелер, байқаулардың уақытылы өткізілуі;
  • Ұстаздардың шығармашылықпен жұмыс жасауы;
  • Озық іс-тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату жұмыстарының дұрыс жолға қойылуы, жүргізілуі;
  • Қоғамдық орындар және ата-аналармен қарым-қатынастың бар болуы;
  • Педагогтардың қызметіндегі жаңашылдық;
  • Мұғалімдердің мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау көруі;
  • Жаңа модификация кабинеттерінің жеткіліксіздігі;
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының төмендігі;
  • Ұстаздардың тарапынан атқарылатын жұмыстарға критерий құру дағдысының қалыптаспауы;
  • Жекелеген ұстаздар қауымының өз іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ниет білдірмей негатив көзқараста болуы;
  • Білімінде олқылығы бар оқушылармен жүргізілген жұмыстардың ретті болмауы;
  • Жүргізілген зерттеу сабақтарына оқушылар қызығушылық танытқанымен білім сапасында өзгерістің болмауы;

Мүмкіндіктері

Кедергілер

  • Білім беруді дамытудың 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асуы;
  • Оқытудың жаңа әдістерін біртіндеп енгізуі;
  • Оқушыларды өз бетінше білім алуға ынталандыру арқылы білім сапасын арттыруға, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға бейімдеу;
  • Ұстаздармен оқушыларды ғылыми ізденіс жұмыстарына тарту және дарындылық қабілеттерін арттыру бағытындағы жұмысты дамытып, нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу;
  • Сынып жетекшілердің тәрбие мәселесін толыққанды дамыту;
  • Ата-аналар, ұстаздар тарапынан балалар жылында қолдау көрсету,
  • Оқу-тәрбие үдерісінде болып жатқан өзгерістердің жекелеген мұғалімдердің тарапынан қолдау таппауы, дәстүрлі әдіс-тәсілдерден арыла алмауы;
  • Серіктес мектептермен тәжірибе алмасудың жеткіліксіздігі;


     «2021-2022 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып, 2021-2022 оқу жылына арналған мектепішілік  әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды. 

Әдістемелік жұмыстар бойынша жоспарда көрсетілген іс шараларға тоқталатын болсақ:

Ағымдағы оқу жылында өткен оқу жылының талдауы негізінде қашықтан оқыту жағдайында өтілгендіктен   білім алушылардың біліміндегі олқылықтарының орнын толықтыру мақсатында Әдістемелік нұсқау хатты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы «31» тамыздағы №444 бұйрығына қосымшаны негізге ала отырып, ағымдағы оқу жылында білім алушылардың біліміндегі  олқылықтардың орнын  толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін негізгі критерийлерді негізге ала отырып жүргізу керектігі мектеп ұжымына таныстырылып  КПК талқыланып,олқылықтар бойынша жұмыс жоспарлары әзірленіп бекітілді. Олқылықтардың орнын толықтыру бойынша әр педагог төмендегі ұсынымдар арқылы іске асырылды Олқылықтармен жұмыс бойынша пәннің оқу бағдарламасы негізінде  білік пен оқу-танымдық қызмет дағдыларының қалыптаспауы бойынша 0 срез тапсырмаларын, қыркүйек айының алғашқы аптасында құрып алынды. Талдау жұмыстары жүргізілді. Мамыр айында олқылықтардың орнын толықтыру бойынша оқушылардан салыстырмалы талдау тапсырмалары алынды. 

Оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша: 

І. Әдістемелік пән бірлестік жоспарларының SMART мақсатқа сай құрылып, сапалы орындалуы әр тоқсан сайын орындалуы туралы ақпарат беру, түзетулер енгізу бағытында «Дарын», «Достық», «Мұрагер», «МИФ», «Ұшқын», «Балауса» әдістемелік пәндер бірлестіктері бойынша тамыз айында өткен оқу жылының swot талдауларын негізге ала отырып ағымдағы оқу жылына жұмыс жоспарлары құрылып бекітілді. Жұмыс Жоспарларының орындалуы бойынша әр әдістемелік пән бірлестік бойынша тоқсандық рейтинг негізінде анықталып отырды. 

ІІ. Білім сапасын мониторингілеу /сараптамалар, олқылықтардың орнын толықтыруда оқушылармен жеке жұмыс, әр тоқсан сайын оқушының алған білімінің кем тұстары, жетістіктері анықталады. Мұғалімнің сабақ беретін сыныптарының білім сапа көрсеткіші қаралады, түзетулер енгізіледі/ 

Ағымдағы оқу жылында өткен оқу жылының талдауы негізінде қашықтан оқыту жағдайында өтілгендіктен   білім алушылардың біліміндегі олқылықтарының орнын толықтыру мақсатында Әдістемелік нұсқау хат. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы «31» тамыздағы №444 бұйрығына қосымшаны негізге ала отырып, ағымдағы оқу жылында білім алушылардың біліміндегі  олқылықтардың орнын  толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін негізгі критерийлерді негізге ала отырып жүргізу керектігі мектеп ұжымына таныстырылып  КПК талқыланып,олқылықтар бойынша жұмыс жоспарлары әзірленіп бекітілді. Олқылықтардың орнын толықтыру бойынша әр педагог төмендегі ұсынымдар арқылы іске асырылды.  Олқылықтармен жұмыс бойынша пәннің оқу бағдарламасы негізінде  білік пен оқу-танымдық қызмет дағдыларының қалыптаспауы бойынша 0 срез тапсырмаларын, қыркүйек айының алғашқы аптасында құрып алынып, талдау жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айының екінші аптасында «Білімінде олқылығы бар оқушылармен жұмыс жүргізу алгоритмі» бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Мусаева Гулбостан Алмасқызы негізгі пән мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамыр айында олқылықтардың орнын толықтыру бойынша оқушылардан СРЕЗ талдау тапсырмалары алынды. Салыстырмалы талдау нәтижесінде 1-4 сыныптар бойынша математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерін, 5-8,10 сыныптар бойынша негізгі пәндерден айырмашылықтар көрініс тапты. Талдау негізінде аталған пәндерді күрделі оқу мақсаттарын игеруде жазғы мектеп кезеңінде қамту ұсынылып, Жазғы мектеп кезеңінің жоспарына кіріктіріліп бекітілді. Жазғы мектеп кезеңі бойынша қазіргі уақытта 93 оқушы білім алуда. Сабақ кестесіне сай жұмыс жүргізілуде.

ІІІ. Педкадрмен жұмыс (курстан өтуі, өзіндік білім көтеруі, портфолио жиналымы, өзіндік сараптама жасау, біліктілік санатын арттыру).Ағымдағы оқу жылында аталған бағыт бойынша Педагогтардың өз білімін жетілдіру бағытында қыркүйек айында ҚРБҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Педагогтің цифрлық құзіреттілігін дамыту» тақырыбында  жалпы саны -52 педагог курстан өтіп, сертификатталды. Жалпы оқу жылы бойынша  өз білімін жетілдіру бағытында 21 педагог курс аяқтады. Педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша ағымдағы оқу жылында 5 педагог аттестаттауға өтініш білдірді. Өтініштері негізінде сараптау комиссиясының қарауымен 5 педагог аттестаттаудың І кезеңі тестілеуге жіберілді. Тестілеу нәтижесі бойынша 5 педагог тесттен оң нәтиже көрсетіп, 2 педагог-модератор, 3 педагог-сарапшы екінші кезеңге құжаттары өткізілді. 

ІV. Шығармашылық топ жұмыс (Оқу-әдістемелік кешен жасау, технологияларды пайдалану, БАҚ-мен  байланыс). Педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдер үлгілі ашық сабақтарын интернет желісіне жүктеді.


Р/С

Аты – жөні

Санаты 


1

Аязбаева Н.Б.

Педагог- зерттеуші

11 сыныппен Қазақ тілі пәнінен «Әлемді өзгерткен өнер табыстар. Шешендік сөздер» тақырыбында өткізген сабағы YouTube желісінде жарияланды https://www.youtube/3WyWC7kbDvo

2

Джолдасбаева Н.Н.

Педагог-зерттеуші

Интернет—проекта "Копилка уроков-сайт для учителей" 

Тақырыбы:  « What will  clothes look like in the future»

3

Утаршиева Л.Н.

Педагог- зерттеуші

Интернет—проекта "Копилка уроков-сайт для учителей" 

Тақырыбы:  `Food and drink`

4

Оразалиева Э.Қ.

Педагог- зерттеуші

Интернет—проекта "Копилка уроков-сайт для учителей" 

Тақырыбы: Шыңғызхан империясы және оның мұрагерлері.

Тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына қосылуының алғы шарттары.

5

Қасымбеков А.С.

Педагог-зерттеуші

«Дала данышпаны» интернет – конференция жинағы 

«Жаркент өңірі» газеті


6

Салиева Г.З.

Педагог-зерттеуші

«Ұстаз тілегі» 

Тақырыбы: Азаттық үшін күрескендер



V. Ғылыми әдістемелік жұмыс (әдістемелік пән бірлестік орталықтарының ішінде, әдістемелік актив ішінде, аудандық, облыстық деңгейде) 

VІ. Дарынды, қабілетті  баламен жұмыс (интеллектуалды сайыстар, ғылыми жұмыстар, олимпиадалар, байқаулар т.б) ; 

 Ағымдағы жылдың қабілетті оқушылармен жұмыс жоспарына сәйкес мектеп бойынша 2-4 сыныптар аралығында 9, 5-11 сыныптар аралығында 10 оқушы қабілетті оқушылар тізіміне мектеп психологтары Құрманғалиева Ж., НуриахметА. тест сауалнамаларын алу және  пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен байланысы нәтижесінде анықталды. Қабылетті оқушылармен жекелеген жұмыс жоспарлары аясында білім алушылар нәтижелер көрсетті. Атап айтсақ, аудандық Мұқағали оқуының «Жыр эстафетасы» бөлімі бойынша 9 а сынып оқушысы Айсан Аяжан – 1 орын, аудандық Яссауи оқуларынан 9а сынып оқушысы Туралбай сСымбат – 3 орын, облыстық Мұқағали оқуының «Жыр эстафетасы» бөлімі бойынша 9 а сынып оқушысы Айсан Аяжан – 3 орын,  9-11 сыныптар арасында негізгі пәндер бойынша аудандық олимпиадаға 17 оқушы қатысып,8 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Облыстық Айқанат олимпиадасы-3, Пони халықаралық байқауына жалпы саны-34 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 7-8 сыныптар арасында жаратылыстаны-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер арасындағы олимпиададан информатика пәнінен 7ә сынып оқушысы Байнашев Карим аудандық кезеңнен-1орын, облыстық кезеңнен – 3 дәрежелі диплом, математика пәнінен 7а сынып оқушысы Сәбит Арайлым аудандық кезеңнен -2 орын иеленді. 


2021-2022 оқу жылындағы аудандық пән олимпиадасының қорытындысы


Оқушының аты-жөні

Сыныбы 

Пәні 

Алған орын

Мұғалімі 

1

Тұралбай Айбол

География 

ІІ

Бершимбекова Р

2

Айбекқызы Ару

Биология 

ІІ

Ибрагимова Қ

3

Бакиева Ильнура

11ә

Биология 

ІІІ

Сапашева М

4

Айсан Аяжан

Ағылшын 

ІІІ

Джолдасбаева Н

5

Байнашов Ислам 

11ә

География 

ІІІ

Хамраев Д

6

Имин Дильфуза 

11ә

Орыс тілі

ІІІ

Имерова Д

7

Бақытқызы Айдана

10а

Қазақ тілі

ІІІ

Аязбаева Н

8

Тоқтасын Алуа

10а

Математика

ІІ

Оспанова А

9

Сәбит Арайлым

Математика 

ІІІ

Оспанова А

10

Байнашев Карим

Информатика

І

Тохтиева Р


2021-2022 оқу жылындағы облыстық  пән олимпиадасының қорытындысы


Оқушының аты-жөні

Сыныбы 

Пәні 

Алған орын

Мұғалімі 

1

Байнашев Карим

Информатика

ІІІ

Тохтиева Р














Оқу-әдістеме саласы бойынша әдістемелік пән бірлестіктерінің рейтингі 


Әдістемелік пән бірлестіктері

Әдістемелік бірлестік жұмыс жоспарының орындалысы

Әдістемелік бірлестік     отырысы

Білім сапасын мониторингілеу

Педкадрмен жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Дарында баламен жұмыс

Ғылыми әдістемелік жұмыс

Олқылықтармен жұмыс,сынақ жұмыстары

Оқыту технологиясы

Рейтингжылдық балл 

Орын

Дарын

9

9

10

10

10

70

20

10

20

168

ІІ

Достық

9

9

10

10

8

70

20

10

10

156

ІІІ

Балауса

9

9

10

10

10

70

10

20

30

178

І

Мұрагер

9

9

10

10

9

60

20

10

10

147

-

МИФ

9

9

10

10

7

50

20

10

10

145

-

Ұшқын

9

9

10

10

7

60

10

-

20

135

-



Пән мұғалімдерінің жетістіктері бойынша «Жыл мұғалімі - 2022» номинациясын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аязбаева Н.Б. және «Жыл бірлестігі-2022» номинациясын «Балауса» бірлестігі иеленді.















Педагог-зерттеуші  санаттағы педагогтердің рейтингі


Р/С

Аты – жөні

Санаты 

Білім сапасының мониторингі  

/2020-2021/

/2021-2022/ 

оқу жылдарының салыстырмалы көрсеткіші

Балл 



Курстан өтуі, өзіндік білім көтеруі

Балл 



Ғылыми әдістемелік жұмыс (әдістемелік пән бірлестік орталықтарының ішінде, әдістемелік актив ішінде, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде тәжірибе таратылуы. Педагогтің өзіндік жетістіктері 

Балл 

Қабілетті  баламен жұмыс (интеллектуалды сайыстар, ғылыми жұмыстар, олимпиадалар, байқаулар т.б) 

Балл 

Жалпы балл 




50 жоғары болса-3 балл

60% жоғары болса-4 балл

70% жоғары болса-5 балл




1 курс- 3балл

2 курс- 4 балл

3 және одан көп курс- 5балл


Мектепішілік -3 балл

Аудандық, интернет-копилка -4 балл

Облыстық, республикалық-5 балл


Қашықтық-2

Мектепішілік -3 балл

Аудандық -4 балл

Облыстық, республикалық-5 балл



1

Аязбаева Н.Б.

Педагог- зерттеуші

2020-2021-70%

2021-2022-72%

5

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» -1

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша - 1

4

11 сыныппен Қазақ тілі пәнінен «Әлемді өзгерткен өнер табыстар. Шешендік сөздер» тақырыбында өткізген сабағы YouTube желісінде жарияланды https://www.youtube/3WyWC7kbDvo

5

Аудандық пән олимпиада-3

Аудандық Мұқағали оқуы-1

Аудандық Яссауи оқуы-1

Облыстық Мұқағали оқуы-1

9

23

2

Джолдасбаева Н.Н.

Педагог-зерттеуші

2020-2021-61%

2021-2022-62%

4

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» -1

Ағылшын тілі пәні-1

4

Интернет—проекта "Копилка уроков-сайт для учителей" Тақырып  « What will  clothes look like in the future»

4

  Аудандық пән олимпиада-1 

«Британский булдог» - 8

Nio- 3

TIO -3

6

18

3

Утаршиева Л.Н.

Педагог- зерттеуші

2020-2021-63 %

2021-2022-67 %

4

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» - 1

Ағылшын тілі пәні-1

4

Интернет—проекта "Копилка уроков-сайт для учителей" Тақырып  `Food and drink`

4

«Британский булдог» - 8

Nio -3

Tio-2

2

14

4

Иминова В.А.

Педагог- зерттеуші

2020-2021-75%

2021-2022-76%

5

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» - 1

3



«Бейбітшілік әлемі» - 3

5

13

5

Турдиева Э.Т.

Педагог- зерттеуші

2020-2021-70%

2021-2022-67%

4

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» - 1 

3



«Бейбітшілік әлемі» - 3

5

12

6

Оразалиева Э.Қ.

Педагог- зерттеуші

2020-2021-66%

2021-2022-68%

4

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» - 1

3

Интернет—проекта "Копилка уроков-сайт для учителей" - 2

Тақырып: Шыңғызхан империясы және оның мұрагерлері.

Тақырып: Қазақстанның Ресей империясына қосылуының алғы шарттары.

4

Аудандық пән олимпиада-1

Тарих пәнінен қашықтық олимпиада - 4

6

17

7

Қасымбеков А.С.

Педагог-зерттеуші

2020-2021-61%

2021-2022-64%

4

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» - 1 

3

«Дала данышпаны» интернет – конференция жинағы – 1

«Жаркент өңірі» газеті - 1

9

Аудандық пән олимпиада-1

4

20

8

Салиева Г.З.

Педагог-зерттеуші

2020-2021-61%

2021-2022-64%

4

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» - 1

Бастауыш сынып мұғалімдерге арналған қысқа мерзімді курс-1

4

«Ұстаз тілегі» - 1

Тақырыбы:Азаттық үшін күрескендер

4

ПОНИ - 4


5

17



Педагог зерттеушы, І санаттағы, педагог сарапшы, ІІ санаттағы педагогтерді алдағы оқу жылында «Әдістемелік актив» құрамына тарта отырып, жетекші мектеп пен серіктес мектептер аясында  мектепішілік әдістемелік іс тәжірибелерін ұсыну арқылы, аудандық, облыстық пәндік әдістемелік, Мектептің даму бағдарламасының мақсатына сәйкес шығармашылық топтардың жұмысының қарқынын арттыру. 

              Білім сапа көрсеткіштері бойынша сапа көрсеткіші жоғары көрсетіп отырған педагогтер Иминова В.А. – 76%, Аязбаева Н.Б.-72% аталған педагогтердің іс-тәжірибелерін тарату. 

                 Педагог зерттеуші санаттағы Джолдасбаева Н.Н., Қасымбеков А.С., Салиева Г.З. облыстық, республикалық пән олимпиадаларына қабілетті оқушыларды дайындау нәтиже көрсеткішін арттыру. 





  2021-2022 оқу жылының  ІV тоқсан соңындағы қорытынды бойынша  мектебімізде   22   сынып комплектісінде  321 оқушы, оның ішінде 146 қыз, 175 ұл бала. Жалпы мектеп бойынша  77 үздік,   101 екпінді оқушы бар.Үлгермеушілер жоқ. Білім сапасы - 62% , үлгерім-100%. Тоқсан ішінде мектепке келген жоқ, кеткен оқушы 3 еу.


Бастауыш, негізгі, орта буын сыныптарындағы білім сапасының салыстырмалы мониторингісі







4 тоқсанда мектептің білім сапасынан төмен көрсеткіш көрсеткен 9 ә сыныптың салыстырмалы мониторингі


















ҰСЫНЫС:

  1. Педагогтердің іс тәжірибелерін тарату бойынша жеке педагогтердің  авторлық бағдарламаларды дайындау, бекітуге ұсыну жұмыстарын жүргізу. 
  2. Оқушыларды  пәндік олимпиадаларға, сайыстарға   қатысу  белсенділігін арттыру (әсіресе аттестаттаудан өтетін мұғалімдер). 
  3. Аудандық, облыстық педагогтерге арналған пед оқуларға, сайыстарға Педагог-зерттеуші, Педагог-сарапшы мұғалімдерді қамту 
  4. ӘПБ жоспарларын құру кезеңінде пәндердің оқытылу әдістемелік ерекшеліктерін басымдыққа ала отырып бірізді жоспар құруды басшылыққа алу. 
  5. 2021-2022 оқу жылының жылдық білім сапасы  бойынша мектептің білім сапасынан төмен көрсеткіш көрсеткен 9 Ә (58,3) сыныбын 2022-2023 оқу жылында жан-жақты бақылауға қою. 
  6. Білім сапасы негізінде ІІІ тоқсан мен ІҮ тоқсан, жылдық бойынша салыстырмалы көрсеткіші негізінде алшақтық көрсеткен сыныптарды мектепішілік бақылауға қою






Анықтама жазған                ДӘІЖО Ибрагимова Қ.А.



















2021-2022  оқу жылының Swot талдауы


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары


  • Оқушылар аудан, облыс көлемінде өткен сайыстардың жүлдегерлері; 
  • Педагог-зерттеуші және педагог-сарапшы мұғалімдердің интернет желісінде жұмыстарын жүктеп,     іс-тәжірибелерімен  бөлісуі; 
  • 2021-2022 оқу жылында білім сапа көрсеткішінің 62 % болуы 
  • Педагогтердің құрамы 8 зерттеуші, 15 сарапшы, 5 модератор толығуы;
  •  «Педагогтің цифрлық құзіреттілігін дамыту» бағдарламасын оқып 52 мұғалім сертификатталды;
  • 21 мұғалім өз білімін жетілдіру бойынша жекелеген пәндік курстардар өтті;
  • Қазақ тілімен әдебиеті, информатика пәндері бойынша оқушылардың облыс көлеміне шығып, жүлделі орынға ие болуы;
  • Пән бірлестіктерінің жоспарлаған онкүндіктерінің нәтижелі өтуі;
  • Әдістемелік жұмыс қорытындылары бойынша талдау жүргізіп «Жыл мұғалімі», «Жыл бірлестігі» анықталып, марапатталуы; 


  • Биология, физика, химия кабинеттерінде сарамандылық, зертханалық жұмыстарға құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі және пән кабинетінің  жүйелі жабдықталмауы;
  • Оқушылардың облыстық пән олимпиадасына сайыстарға аз қатыстырылуы, нәтижесінің аздығы; 
  • Негізгі пән мұғалімдерінің өз пәндері бойынша конкурстарға оқушылардың қатысуларының аздығы; 
  • 9 Ә сыныптарында білім сапасы 58.3% төмен көрсеткіш көрсетті


Мүмкіндіктері

Кедергілер 


  • Білім беруді дамытудың 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асуы;
  • Оқытудың жаңа әдістерін біртіндеп енгізуі;
  • Оқушыларды өз бетінше білім алуға ынталандыру арқылы білім сапасын арттыруға, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға бейімдеу;
  • Ұстаздармен оқушыларды ғылыми ізденіс жұмыстарына тарту және дарындылық қабілеттерін арттыру бағытындағы жұмысты дамытып, нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу;
  • Сынып жетекшілердің тәрбие мәселесін толыққанды дамыту;
  • Ата-аналар, ұстаздар тарапынан балалар жылында қолдау көрсету.



  • Серіктес мектептермен тәжірибе алмасудың жеткіліксіздігі;
  • Білімінде олқылығы бар оқушылардың жұмыстарының әлсіздігі;




Swot талдауды дайындаған              ДӘІЖО     Ибрагимова Қ.А.