"Жас информатиктер" үйірме жоспары » Ават мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2023

"Жас информатиктер" үйірме жоспары

Түсінік хат

Бастауыш сыныптарда «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар», 5 сыныптан «Информатика» деп аталып жүргізілетін пән оқушыларға ақпараттық сауаттылық пен компьютер құрылғысын пайдалануға үйретуді мақсат етіп қояды. Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында ұсынылып отырған бағдарламалар оқушылар үшін күрделі болып отырғаны жасырын емес. Негізінен оқушылар программалау және модельді программалау тарауларында қиналады. Модельдеу және модельді программалау түсініктерінен шатасады. Модельді программалауға арнайы бағдарламалар, мысалы «C++», «Python» сияқты бағдарламалау тілдері ұсынылады. 7-сыныпта модель құру үшін үш өлшемді бейнелермен жұмыс жасауға арналған «SketchUp» бағдарламасы ұсынылады. Осы авторлық бағдарламада ұсынылып отырған Lego Digital Designer, SketchUp және Pepakura Designer3D модельдерін құру туралы білім береді. 

Lego Digital Designer – балалар үйде ойнайтын әдеттегі Lego ойынының негізінде жасалған. Lego кубиктерімен түррлі көліктер, ғимараттар т.б. құрып үйренеді. Оқушы құрастыратын модельді үш өлшемді нұсқада көріп отырып жұмыс жасайды.

SketchUp бәрімізге белгілі модельдердің суретін салуға үйретеді. Бұл бағдарлама 7-сыныпқа дайындық ретінде ұсынылғандықтан жеңіл геометриялық фигуралар салумен шектеледі. Геометриялық фигураларды таңдау себебім келесі Pepakura Designer бағдарламасы SketchUp бағдарламасында құрылған модельдерді қағазда құрастыруды жүзге асырады.

Pepakura Designer бағдарламасы үш өлшемді бейнелерді қағаз қиындыларынан құрастыруды ұйымдастырады. Оқушылар осы жоспарға сәйкес қолданған SketchUpбағдарламасында жасаған геометриялық фигуралардың пішінін қағаздан желімдеп «модель» ұғымы мен оның нақты бір нысанның көшірмесі екенін, және осы модель арқылы нысанмен жақынырақ танысуға болатынын үйренеді.

Бағдарлама аптасына 1 сағаттан толық оқу жылына, яғни 34 сағатқа есептеліп жасалған. Ұсынылып отырған бағдарламаларды әріптестерім және олардың шәкірттері жеңіл меңгере алады деген ойдамын. 


 



Курстың мақсаты: 

                                                             

Оқушылардың компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету. Үш өлшемді бейнелерді құру және оларды өңдеп жұмыс жасауға үйрету. Модель ұғымы мен қолданылу қажеттіліктерін түсіндіру.



Курстың міндеті:

Оқушыларды Информатика курсы бойынша меңгеруге тиіс бағдарламаларды түсінуге жол ашу. 3D модельдердің нақты нысанның қасиеттері мен ерекшеліктерін ұғынуға қолданудың тиімділігін ұғындыру,компьютермен еркін жұмыс жасай білуге баулу.Оқушылардың ғылыми ойлау, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.



Пәнаралық байланыс:    Сызу, математика, шетел тілі.


Курсты ұйымдастыру формасы:
- дәріс, семинар, практикалық жұмыстар, коференция
- әрбір тарау сайын талдау












Үйірме жоспары

Р/с

Тақырып

Мерзімі


Сағат саны

Ескертулер


І тоқсан 8 сағат

1

3D туралы түсінік беру.

3D үлгіде қолданылатын бағдарламалар.


1

3D туралы түсінік беріп, шығу тарихы мен қолданылу маңыздылығын түсіндіреміз. Моделдеу ұғымы туралы түсінік беріп, моделдеу саласының мол пайдасы туралы түсіндіреміз. 

3D үлгіде қолданылатын бағдарламалар мысалы; Lego Digital Designer, SketchUp т.б.

2

Модельдеу туралы түсінік. Модель ұғымы.


1

Қазіргі ғылым саласында кеңінен қолданыс тауып отырған модельдеу туралы түсінік беру. Компьютерлік модельдеу жөнінде түсіндіру. Қолданылу саласы мен тиімділігін түсіндіру.

3

Lego digital Designer бағдарламасы. Терезе элеметтері. Бағдарлама мүмкіншіліктері.


1

Lego Digital Designer бағдарламасының қосылу тәртібімен, алғашқы мәзір терезесімен және тінтуірмен басқару жолдарымен таныстыру.

4

Lego digital Designer бағдарламасының құралдар тақтасымен жұмыс.


1

Lego Digital Designer бағдарламасының құралдар тақтасымен танысу. Қарапайым тапсырмалар беру арқылы құралдардың қызметі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

5

Бөлшектерді (кубик) қолданып түрлі құралдар, ғимараттар, техникалық құралдар т.б. құрастыру.


4

Үй, ғимараттар, көліктердің, т.б. тақырыптарда жұмыстар жасату.

ІІ тоқсан 8 сағат

6

Lego digital Designer бағдарламасында шығармашылық жұмыс.


3


7

SketchUp бағдарламасының мүмкіншіліктері мен қолданылуы.


1

SketchUp бағдарламасында орындалатын жұмыстарды таныстыру. Тиімді тұстарын түсіндіру.


8

SketchUp бағдарламасының терезе элементтері мен негізгі құралдар тақтасы. Құралдар тақтасын баптау.


1

Негізгі құралдардың жұмысымен таныстыру. Қарапайым геометриялық фигураларды салып үйрету.

9

Баспалдақтар жасау тапсырмасымен жұмыс.


1

«Қысу және созу» құралын қолданып үйрету.

10

Табуретка суретін жасау тапсырмасымен жұмыс.


2

«Қысу және созу» құралын қолданып үйрету.

ІІІ тоқсан 11 сағат

11

Шахмат тақтасын жасау.


2

«Рулетка», «Кесінді сызу» және «Төртбұрыш салу» құралдарын қолдануды үйрету керек.

12

Жұмыс үстелі суретін жасау тапсырмасымен жұмыс.


2


13

Стакандағы қарындаштар жұмысын орындау.


3


14

Шаршы және шеңберді орналастыру жұмысының мысалдарын орындау.


2

Шаршы салып, қабырғаларында ойылған шеңберлерді орналастыру мысалын орындау арқылы қажетті құралдардың жұмысын түсіндіру. Көпбұрыш салу құраының жұмыс ерекшеліктерін таныстыру.

15

Шығармашылық жұмыс. (Менің үйімнің сызбасы)


2


IV тоқсан 9 сағат

16

SketchUp бағдарламасындағы фигураларды Pepakura Designer бағдарламасына аудару. Шаршы фигурасымен жұмыс.


1

SketchUp бағдарламасындағы файлды Pepakura Designer бағдарламасына экспорттау амалын үйрету.

17

Баспалдақтар тапсырмасын Pepakura Designer бағдарламасына аудару.


2

SketchUp бағдарламасында салынған баспалдақтар фигурасын Pepakura Designer бағдарламасына аударып қағазда құрастыру.

18

Цилиндр, конус фигураларымен жұмыс.


2

SketchUp бағдарламасында салынған фигураларды Pepakura Designer бағдарламасына аударып қағазда құрастыру.

19

Шығармашылық жұмыс.


4

Оқушылармен еркін тақырыпта жұмыстар орындау ұсынылады. Таңдалған жұмыстардың фигурасын қағазда орындап, модельдеу ұғымы мен 3D үлгіде қолданылатын бағдарламалардың жұмысының тиімділігін түсіндіріліп курс қорытындыланады.

Барлығы

36





«Жас иифоматиктер» үйірмесінің оқушылар тізімі

Оқушының аты - жөні 

Сыныбы

1

Айсан Айзере

5а

2

Әділжан Аяла

3

Бауыржанұлы Өркен

4

Болат Мадияр

5

Омаров Жантөре

6

Бахтияров Дильяр

7

Измахунова Назакат

8

Китимиров Дильмурат

9

Мусаева Амина

10

Велиев Абдуллам