Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтарының алдын алу жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бойынша атқарған жұмыстарының АНЫҚТАМАСЫ » Ават мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтарының алдын алу жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бойынша атқарған жұмыстарының АНЫҚТАМАСЫ
10
февраль
2023

Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтарының алдын алу жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бойынша атқарған жұмыстарының АНЫҚТАМАСЫ

Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтарының алдын алу жөніндегі 

2022-2023 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бойынша атқарған жұмыстарының


АНЫҚТАМАСЫ

Мақсаты: Білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық саулығын қолдау.

   І.Әдістемелік қамтамасыз ету және сүйемелдеу

   Дау жанжалдарды шешуші жедел топ (медиация) құрылып, мүшелері бекітілді.

  1. А.Д.Омарбеков - мектеп медиация қызметінің жеткшісі, құқықтық тәрбие менеджері
  2. А.Ы.Бердаева -директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары медиация тобының мүшесі 
  3. Ж.С.Курмангалиева - педагог-психолог, медиация тобының мүшесі
  4. М.К.Нурбекова педагог-психолог, медиация тобының мүшесі
  5. М.Д.Абдрахимов - әлеуметтік педагог, медиация тобының мүшесі
  6. Р.М.Султанбеков.- АӘД пәнінің мұғалімі, медиация тобының мүшесі
  7. А.С. Қасымбеков - тарих пәнінің мұғалімі, медиация тобының мүшесі

    Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог және педагог- психологтар ерекше қадағалауды қажет ететін тәртібі қиын алаңдатарлық білім алушыларды және өмірлік қиын жағдайға тап болған, тұл жетім, жартылай жетім, толық емес отбасы, сәтсіз жанұяда, өгей әке-шешенің қолында тәрбиеленіп жатқан білім алушыларды есепке алып жеке түзету-дамыту бағдарламасын құрып жұмыстар жүргізді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы   келеңсіз жағдайларды суицид,зорлық-зомбылық, бала құқықтарының әрекет, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп мынадай талаптар қойылды:

 1.Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқумен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, құқықтық біліктілігін жоғары болуын қамтамасыз ету.

2. Ата-анамен бала арасындағы жағымды қарым қатынас орнату.

3. Жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алу бағытында балаларға әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету.

4. ДТІЖО бірлесіп сауалнамалар алу, кеңестер беру, жадынамалар тарату, түсінік жұмыстарын жүргізу.

Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен қарау фактілерін анықтауға тиімділікті арттыру, уақтылы ден қою және қажетті көмек көрсету мақсатында алгоритм құрылды.

Жасөспірімдерді «Тәуекел тобына» қою үшін келісім алу мақсатында ата-аналар/ заңды өкілдер арасында ақпараттық –түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

5-11 сынып білім алушылары  арасында «Мен өмірді сүйемін», «Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық», «Құпия сауалнама» жасырын сауалнамалары   алынып қорытындылары шығарылды.

 «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу,ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі»,«Бала қауіпсіздігі- басты назарда» жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді және ата-аналарға «Балаларды бірге сақтайық!»тақырыбында жаднама  таратылды.

Мектеп оқушыларынан төмендегідей диагностикалық жұмыстар жүргізілді:

  • Кактус әдістемесі
  • Э.Ховардтің сауалнамасы
  • Зорлық зомбылық туралы мен не ойлаймын тақырында сауалнамала алынып қорытындысы шығарылды.

    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты,қоғамдағы қылмыстың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет» тақырыбында мектептегі құқық менеджерімен кездесу өткізілді.

10-20қараша аралығында «Бала құқығы-адам құқығы»тақырыбында  онкүндік өткізілді. Сенің дінге көзқарасың қандай? 6-11 сыныптардан сауалнама алынып,қорытындысы шығарылды.

ІІ.Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу жөніндегі іс-шаралар

Суицидттік мінез-құлқы бар «тәуекел топтағы» балаларды анықтау үшін жалпы білім беретін мектептердің 5-10 сыныптарының оқушылары «Сіздің суицидке бейімділігіңіз»З.Королеваның тесті, «Суицидттің алдын алу» сауалнамалары алынды және жасөспірімдер арасындағыпсихикалық денсаулықтың,репредуктивті, ментальді денсаулықтың бұзылуының алдын алу бойынша түсініктер жүргізілді.

Информатика пәнінің мұғалімдері,сынып жетекшілер,педагог-психологтар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары бірлесе отырып балалардың психикасына кері әсерін тигізетін сайттарға  мониторинг жүргізіп,қорытынды анықтамасын аудандық білім бөліміне әр айда жолдайды.

   Балалар мен ата-аналарға психологиялық кеңес беру үшін «қызу желі» қызметі ұйымдастырылған,ата-аналар кез келген уақытта педагог-психологтардан,мектеп әкімшілігінен кеңес ала алады.

Сенім телефондары:

1.Директор-8707 719 74 12

2.ДТІЖО-8708 204  0943

3.Педагог-психолог- 8707 899 71 96; 8707 363 02 28

4.Әлеуметтік психолог-8707 737 44 10

5.Инспектор-8707 622 03 37

ІІІ.Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру

Жыл басында ата-аналарға,білім алушыларға қолданыстағы «сенім телефоны»  және «сенім жәшігі»туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

«Қауіпсіз интернет», білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру

жаз кезіндегі бала қауіпсіздігі туралы ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізілді.

«Жасөспірімдер арасындағы Буллинг,Кибербуллинг психикалық денсаулықтың,репредуктивті,ментальді денсаулықтың бұзылуының алдын алу мақсатында бейнероликтер көрсетіліп,түсінік жұмыстары жүргізілді.

Білім алушыларды қиын жағдайға түсіп қалмауына үнемі  психологиялық   қолдау көрсетіледі.

1.«Құқықбұзушылықтың алдын-алу басты міндет»инспектормен  кездесу

2.Сенім жәшігі және сенім телефондары туралы ақпарат


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0ANmzFPLwTrkEjgzYikZGfLscLSQj1eevD1hgyBN4Tbch2NML7rZSCMrBLf6YfEpGl&id=100008779779148

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02aFfhFixd1LAPSy27E4KnwgDo1xwSJLZkzeJExC91jtJniUpi6PcxjY4AS1wsvL1yl&id=100008779779148



3. ««Бала құқығы-адам құқығы»» жалпы   ата-аналар  жиналысы



4.Зорлық-зомбылықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу және әлімжеттікті анықтау



5. Қыздар қауіпсіздігін сақтау және жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу



Әлеуметтік статусы бар,қамқорлықтағы,көп балалы және жанжал көп орын алатын отбасыларына отбасылық қарым-қатынастардың ерекшеліктері   түсінік  жұмыстары жаднамалар тарату. 





Интернет желісіне жарияланған жұмыстар:

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0ANmzFPLwTrkEjgzYikZGfLscLSQj1eevD1hgyBN4Tbch2NML7rZSCMrBLf6YfEpGl&id=100008779779148

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02aFfhFixd1LAPSy27E4KnwgDo1xwSJLZkzeJExC91jtJniUpi6PcxjY4AS1wsvL1yl&id=100008779779148