Хаттама » Ават мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2021

Хаттама

Хаттама №1
11.12.2020 жылы «МИФ» бірлестігінің отырысы өтті.
Қатысқан мұғалімдер: 8

Қаралған мәселелер :
1 «Қашықтықтан оқыту» барысында білім алушылар жауапкершілігі
2 «Қашықтықтан оқыту» барысындағы кедергілер

Тыңдалды:
1. Бірлестік жетекшісі Амансупиев Р.К.
«Қашықтықтан оқыту» - функционалдылық тұрғысынан ең қолайлы инфрақұрылымы мен білім мазмұны бар Интернет-платформасы арқылы жүргізілуде. Қашықтан оқыту процесі синхронды және асинхронды форматтарда, оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып өткізілуде.
«Қашықтықтан оқыту» барысында оқушылардың жауапкершілігі және оларды арттыру қажеттілігі туралы айтылды.
- сабақ кестеге сәйкес сабақтарға уақытында қатысу;
- оқу тапсырмаларын өз бетінше орындап, мұғалімге жіберу;
- компьютер, телефон және интернетті қауіпсіз пайдалану талаптарын орындау.

2. Мусаева Г.А.
«МИФ» бірлестігі мұғалімдері сабақ кестесі бойынша сабақтары уақытында өтіліп, тапсырмалар, ресурстар оқушыларға нақты беріліп, электронды журналдары толтырылды.
2 «Қашықтықтан оқыту» барысындағы кедергілер
Техникалық олқылықтардың салдарынан, интернеттің дұрыс жұмыс жасамауы онлайн оқудың басты қиындығы болып отыр . Оқушыларға үйде интернет желісінің әлсіздігі, жетіспеушілігі жиі кездеседі. Сол себепті оқушылар сабақтарға уақытында қатыса алмауы, тапсырма дер кезінде жіберілмеуі осыдан байқауға болады.

Сөйледі:
1. Пән мұғалімдері.
Бүгінкі күнде «МИФ» бірлестігі мұғалімдері сабақ беріп жатқан сынып оқушылары өз уақытында сабақтарға қатысып, берілген тапсырмаларды орындап, мұғалімге жіберіп отырғандығы туралы мәлімет берілді.
2. Математика пәні мұғалімі Оспанова А.
«Қашықтықтан оқыту» бойынша жұмысты бәріміз бірлесе жүргізуіміз керек, бәріміз де жауаптымыз. Әрбір пән мұғалімі өз пәнімізге жауаптымыз, сол үшін оқушылардың және әрбір пән мұғалімдер өз жауапкершілігімізді күшейтуіміз керек. Ол үшін сабақтарды уақытында өтіп, оқушыларды сабақта түгендеп, берілген тапсырмаларды талап етіп, кері байланыстарды жасап отыру керек. Сол кезде оқушылар жауапкершілікті сезінеді.

Шешім:
1. «Қашықтықтан оқыту» кезінде оқушылардың сабаққа жауапкершілігі күшейтілсін.
2. Пән мұғалімдері оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалап, кері байланысты жандандырсын.

Похожие публикации:

08 январь 2021 Хаттама
08 январь 2021 Хаттама
08 январь 2021 Хаттама
08 январь 2021 Хаттама
08 январь 2021 Хаттама