«Ұшқыр ой» дебат үйірмесі » Ават мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2023

«Ұшқыр ой» дебат үйірмесі

Түсінік хат


«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрқашанда осы әлеуметік топтың зияткерлік әлеуетінің дамуына ерекше назар аударып келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан жастарын білімді болуға, Отанымыздың әл-ауқаттылығы үшін амбициялы болуғашақырады. 

          Қоғамдағы өзекті мәселелерді шеше алатын, жаңа әлеуметтік-психологиялық қабілеттердің қалыптасуына ықпал ететін, оқушылардың сыни ойлау қабілетін шыңдап, шешендік өнерге баулитын  мүмкіндіктер жүйелеп ұсынылған. «Дебат» бағдарламасы –әлем мойындаған технология. Өйткені, дебат –жаңалыққа құштарлықтың даму көзі. Ең бастысы, бағдарлама өмірдің көркем шындығын келістіріп, дәуір көшіне ілестіріп әкететін ХХІ ғасыр білім беру жүйесінің микромоделі төңірегіндегі ойды, білім мазмұнын іріктеудің   басты ұстанымдарын іске асыру жағына көңіл аудартады. Сонымен қатар дебаттық  қозғалыстардың  негізгі қозғаушы күші әрқашанда жастар болып келеді. 

          Қоғамдағы сананы қалыптастырып, ұйқыдағы ойды оятатын, сөйтіп ұлттық сана-сезім сілкінісіне алып шығатын, көткрер жүгі салмақты философиялық мәні бар ұсыныс жасай алатын бағдарламаның өн бойынан  қажеттісі мен керегін іріктеп, дарындылар танымына салу. Дебат-пікір-сайыс бағдарламасы-еліміздің білім беру жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. 

          Дебат-ол жарқын, зияткерлік ойын көрінісі, белсенді жастар үшін болашағы бар- қоғамның келешек озаты үшін қажет. Дебаттар жауапкершілікпен шешім қабылдауға, дербес және басқа дағдыларға дайындайтын, өркениетті демократиялық қоғам үшін жастар дайындайды. Дебаттар бағдарламасы сонымен қатар, логикалық және сыни тұрғыдан ойлаудың дамуына мүмкіндік беретін, коммуникативтік мәдениеттің және ел алдында сөйлей білуді үйрететін тиімді педагогикалық технологиялар болып табылады. 















 «Ұшқыр ой» дебат үйірмесінің мақсаты:


*оқушылардың қисынды, риторика мен шешендік дағдыны және сөйлеу шеберлігін дамыту;

* оқушылардың ұйымдастыру қабілеті мен сыни ойлауын дамыту;

* ішкі еркіндігі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, есесін жібермейтін тәуекелшіл белсенді тұлға қалыптастыру. 

* рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін жастардың жаңа буынның қалыптасуына ықпал ету.

Міндеттері: 

*әлеуметтік жетілген, жауапты, белсенді азаматтық танымдығы бар шығармашылықпен және сыни ойлай алатын жас адамдардың буынын қалыптастыру;

*дискуссия жүргізу ережелеріне   оқыту, ораторлық шеберлікке үйрету, даулы жағдайлардың  дипломатиялық жолмен  шешу қабілеттілігі;

*жастардың құқықтық сауаттылығын көтеру;

*инновациялық идеялар мен позитивтік тәжірибемен  алмасуды реттеу;

*сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріне машықтандыру;

*жастар арасында өз бетінше білім алу қажеттілігіне  дағдыландыру;

*көшбасшылық қасиеттерді үйрету.

Күтілетін нәтиже: 

*оқушыны ізденіске жетелейді;

*сөйлеу шеберлігін қалыптастырады;

*өз бетінше ой қорытып, өз бетінше еңбек ете алатын жеке тұлға қалыптасады;

*ғылыми жоба, конференция және т.б. байқауларда дәйекті айғақтарды ұсына алады;

*дүниетанымын, көзқарасын кеңейтеді.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

*дебат технологиясына қойылатын талапты білу;

*дебат ойындарының ерекшелігін меңгеру;

*дебат пен шешендік сөздердің арақатынасын айыру;

*жұрт алдында еркін сөйлеу;

*ойды қорыту тәсілдерін меңгерту;

*беделді құжаттармен жұмыс жасай білу;

*озат ойы болуы, өзін-өзі құрметтеуі.

Тексеру әдістері:

*рефераттар;

*жобалар

*презентациялар

*пікірсайыс ойындары




8 -  СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН «Ұшқыр ой» дебат үйірмесінің МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ:


Кіріспе (1 сағат)


1-бөлім. Пікірсайыстың жалпы сипаттамасы. (4 сағат)

Пікірсайыс дегеніміз не? Пікірсайыс не үшін керек? Пікірсайыстыру-ұлы дәстүр. Пікірсайыс не береді?

2-бөлім. Пікірталастың шығу тарихы мен дамуы. (3 сағат)

Пікірталастың шығу тарихы. Пікірсайыс мәдениеті мен талаптары. Пікірсайыстың негізгі қағидалары.

3-бөлім. Пікірсайыстың түрлері  мен жалпы түсінігі. (5 сағат)

Пікірсайыс түрлері және оның жалпы түсінігі. Пікірсайыстағы негізгі ескертулер мен қарсылықтар. Кейс түсінігі,   түрлері мен жасалуы. Пікірсайыста спикедің  (топтың) қабілеттілігі. Спикердің негізгі міндеті.

4-бөлім. Карл Попердың пікір-сайыс үлгісі. (3 сағат)

Карл Попердің пікірсайыс үлгісі. Үкімет (жақтау тобы) және оппазицияның (даттау тобының) стратегиясы. Пікірсайысқа қатысушылардың (топтың) қабілеттілігі.

5-бөлім. Негізгі пікірсайыс ойынының  жалпы түсінігі мен  сөйлеу тәртібі. (6 сағат). 

Пікірсайысқа қатысушылардың (топтың) қабілеттілігі. Спикерлер және олардың сөздері. Пікірсайыс ойынына қатысушылар. Пікірсайысты жеңуге қажетті ингредиенттер. Төрешілерге қойылатын талаптар мен міндеттер. Спикерлерге балл қою жүйелері.

6 бөлім. Пікірсайысшылардың  кеңесінің жалпы құрылымы. (8 сағат) 

 Қарар түсінігі. Жақтау (үкіметтің) стратегиясы. Ойын үстіндегі ескертулер. Сұрақ қою және жауап беру тактикасы. Критерийлер және негізгі критерийлер. Мәселелер мен түсінік. Маңыздылығы мен тұтастығы. Шешімділік пен жағымдылық. 

7 бөлім. Ойындар. (3 сағат)

Ойын тақырыптарымен танысу

Қорытынды (1 сағат)













Күнтізбелік - тақырыптық жоспар

«Ұшқыр ой» дебат үйірмесі           сыныбы: 8

Аптасына:  1 сағат,   барлығы:  34 сағат


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Кіріспе

1



1-бөлім. Пікірсайыстың жалпы сипаттамасы. (5 сағат)


2

Пікірсайыс дегеніміз не?

1



3

Пікірсайыс не үшін керек?

1



4

Пікірсайыстыру-ұлы дәстүр.

1



5

Пікірсайыс не береді?


1



2-бөлім. Пікірталастың шығу тарихы мен дамуы. (3 сағат)


6

Пікірталастың шығу тарихы.

1



7

Пікірсайыс мәдениеті мен талаптары.

1



8

Пікірсайыстың негізгі қағидалары.


1



3-бөлім. Пікірсайыстың түрлері  мен жалпы түсінігі. (5 сағат)


9

Пікірсайыс түрлері және оның жалпы түсінігі.

1



10

Пікірсайыстағы негізгі ескертулер мен қарсылықтар.

1



11

Кейс түсінігі,     түрлері мен жасалуы.

1



12

Пікірсайыста спикедің  (топтың) қабілеттілігі.

1



13

Спикердің негізгі міндеті.


1



4-бөлім. Карл Попердың пікір-сайыс үлгісі. (3 сағат)


14

Карл Попердің пікірсайыс үлгісі.

1



15

Үкімет (жақтау тобы) және оппазицияның (даттау тобының) стратегиясы 

1



16

Пікірсайысқа қатысушылардың (топтың) қабілеттілігі

1



5-бөлім. Негізгі пікірсайыс ойынының  жалпы түсінігі мен

  сөйлеу тәртібі. (6 сағат).


17

Құндылық (Америкалық парламенттік) форматы


1



18

Спикерлер және олардың сөздері.

1



19

Пікірспйыс ойынына қатысушылар.

1



20

Пікірсайысты жеңуге қажетті ингредиенттер.

1



21

Төрешілерге қойылатын талаптар мен міндеттер.

1



22

Спикерлерге балл қою жүйелері.


1



6 бөлім. Пікірсайысшылардың  кеңесінің жалпы құрылымы. (8 сағат)


23

Қарар түсінігі.

1



24

Жақтау (үкіметтің) стратегиясы.

1



25

Ойын үстіндегі ескертулер

1



26

Сұрақ қою және жауап беру тактикасы.

1



27

Критерийлер және негізгі критерийлер.

1



28

Мәселелер мен түсінік.

1



29

Маңыздылығы мен тұтастығы.

1



30

Шешімділік пен жағымдылық. 


1



7 бөлім. Ойындар. (3 сағат)

31

Ойын тақырыптарымен танысу


1



32

Білімді ұрпақ-ел болашағы

1



33

Қазақстандық патриотизм-азаматтық тәрбиенің басы

1



34

Қорытынды

1
























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


Мұғалімге аранлған әдебиеттер тізімі:


Негізгі: 


1. Пікірсайыс ойындарының толық ережелік нұсқаулығы// Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі. Тараз-2011жыл

2. Беркінбаев М. Қосымша гуманитарлық білім беруді пікірсайыс технологиясы арқылы жетілдіру жолдары// Жалпы тарих және құқықтану мектепте 2004 жылы №6.


Қосымша: 

1.Халықаралық пікірсайыс білім беру ассоциациясы дайындаған әдістемелік ақпарат. 


Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі: 


  1. Елбасының саясатындағы жылдық жолдаулар.
  2. Интернет желісінен алынған ақпарат.