Буллинг,кибербуллинг бойынша сыныптарға жүргізілген жұмыстардың анықтамасы » Ават мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Буллинг,кибербуллинг бойынша сыныптарға жүргізілген жұмыстардың анықтамасы
30
ноябрь
2023

Буллинг,кибербуллинг бойынша сыныптарға жүргізілген жұмыстардың анықтамасы

«Ават орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мекемесі

Буллинг,кибербуллинг бойынша сыныптарға жүргізілген жұмыстардың анықтамасы

2023-2024 оқу жылы  

    Қыркүйек –қараша   айының   мектеп психологтары  мен директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларымен  бірлесе отырып 5-11- сынып оқушыларына «Буллинг және кибербуллингтен қалай қорғанамыз?»   видео ролик    көрсетіліп, түсіндерме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Мектептегі буллинг себептері және алдын алу жұмысы. 

«Жасөспірімдердің арасындағы   зорлық-зомбылықты,буллинг себептерінің алдын-алу мақсатында «Ғаламтордың  пайдасы мен зияны», «Буллинг және кибербуллинг»   тақырыптарында  психологиялық ағарту жұмыстары   жүргізіліп,  суицидке бейім оқушыларды анықтау мақсатында Айзенек әдістемесі бойынша  және Жыныстық тиіспеушіліктің, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жасырын және ашық түрдегі сауалнамалар  алынды.   « Буллинг және кибербуллинг себептерін алдын алу» тақырыбында тренингтік жаттығулар өткізіліп , бейнероликтер арқылы кеңестер берілді. 

5-11 сыныптар аралығында «Буллинг дегеніміз не ?» тақырыбында  бейнеролик жіберіліп,  өзге адамның  затын бүлдірмеу, қолмен ұрмау,жанама сөзбен  мазақтамау   қауесет таратпау туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. 5-11 сынып оқушылармен жұмыс барысында кез-келген адам буллингке ұшырауы мүмкін екені  одан сақтану, қөмек сұрау керек екендігі  айтылса, оқушы, ата-ана, мұғалім  чаттарына  сенім телефондары жіберіліп, «Сен жалғыз емессің» тақырыбымен  кеңестер берілді. «Зорлық-зомбылық, буллингтің барлық   түрлерінің  қауіпсіздігі» тақырыбында  бейнероликтер көрсетіліп,кері байланыс  жүргізілді

Қорытындысында: Жасөспірімдер арасында   зорлық –зомбылық буллинг және кибербуллинг   қауіпсіздігін сақтануға кеңестер берілді.