Оспанова Алия » Ават мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ноябрь
2023

Оспанова Алия


Оспанова Алия Жанғазықызы 27 желтоқсан  1963 жылы Панфилов ауданы Надек ауылында дүниеге келген. Талдықорған педагогикалық институтына 1981 жылы математика бөліміне түсіп ,  1985 жылы аяқтады . 1985 жылы қыркүйек айынан бастап Ават орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі болып тағайындалды.
Осы ауылда отбасын құрды . Отбасында  аяулы жар, асыл ана, немерелеріне  сүйікті әже.
Ават орта мектебінде кәсіподақ жұмысын, қыздар жұмысын, ДОІЖО міндеттерін атқарды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 38 жылдық еңбек өтілі барысында оқушыларды білім нәрімен сусындатып, сапалы білім алуын бірінші орынға қойып, барынша заманауи білім беру үшін еңбек еткен ұлағатты ұстаз. 
Аталмыш мектепте өзінің білім берген шәкірттері өзімен қатар бір ұжымда қызмет етіп келеді. 
 2023-2024 оқу жылында  Алия Жанғазықызы
 Ават орта мектебінің директоры лаузымына тағайындалды.