2022-2023 оқу жылына арналған «Happy English » үйірмесінің күнтізбелік жоспары » Ават мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылына арналған «Happy English » үйірмесінің күнтізбелік жоспары
14
февраль
2023

2022-2023 оқу жылына арналған «Happy English » үйірмесінің күнтізбелік жоспары

2022-2023 оқу жылына арналған «Happy English » үйірмесінің 

 күнтізбелік жоспары   


Тақырып

Өткізу түрі мен формалары    бақылау түрі

Күтілетін нәтиже

Сағат  саны

Мерзімі

1

About myself 

Өзім туралы

Ауызша-жазбаша практикум Монолог, диалог

Өзі жайлы айта алады, жаза алады



2

 Descring peoples

Адамдарды сипаттау


Оқу, заттарды сипаттау

Диалогты ойнау

Ағылшын тілінде адамдарды сипаттау, басқа адамның сөздерін түсінеді



3

Менің отбасым

My family1

Өз отбасын сипаттау, рөлдік ойын

Интервью алу

Отбасы ағашын құру, өз отбасы жайлы әңгімелеп береді



4

 My friend

Менің досым

Монолог, ақпаратпен алмасу

Өз досы жайлы айта алады, сұрақ қоя біледі



5

 My Flat

Менің пәтерім


Өз үйін сипаттау /жазбашаауызшасурет/

Монологтік әңгімені тексерудиалог

Пәтерін сипаттай алады



6

«The little turnip» ертегі

Сөздерін жаттау 

ертегіні әр кейіпкерде айта алады




7

 My school

Менің мектебім


Топтық жұмыс

Диалогтік сөйлесімді тексеру


Мектебін сипаттап бере алады



8

 My favourite subject

Менің сүйікті пәнім


Жұптық жұмысөз сүйікті пәнін сипаттау

Монолог, диалог

Сүйікті және сүйікті пәндері жайлы айта алады



9

  My day 

Менің күнім


Жеке-дара, жұптық жұмыс сипаттау /жазбаша, диалог/

Монолог, диалог

Мектеп күнін сипаттай алады, сұрай алады, режимін жасай алады



10

«Полиглот» интеллектуалды сайыс


Үш тілді меңгеру , сөздерді анық айтуға үйрену

балалар үш тілде сөздерді айта алады



11

 Describing places

Жерлерді сипаттау

Оқу, жұптық, сипаттау

Диалог, монолог

Сұрақ-жауап арқылы жұмыс істей алады



12

My country is Kazakhstan

Мәтіндерді оқуізденіс жұмыстарыЕлтанулық тест

Жеке-дара жұмыс арқылы елтанулық білімі кеңейеді



13

 Great Britain

Ұлы Британия


Мәтіндерді оқуізденіс жұмыстары

Елтанулық тест

Жеке-дара жұмыс арқылы елтанулық білімі кеңейеді



14

 London

Лондон


Ізденістаныстырылымслайдпен жұмыссипаттаусалыстыру

Монолог, диалог

Сипаттай алады, салыстыра алады



15

Seasons 

Мезгілдер

Суреттеу мәтіндерді оқу

Монолог

Іздене алады, сипаттай алады



16

Sport in my life

Спорт-біздің өмірімізде

Жеке-дара, жұптық, сипаттау

Сұрақ-жауаптық тексеріс

Спорт түрлерін біледі, кейбіреуін сипаттай алады



17

 My hobby

Менің хоббиім


Сипаттау, оқу, әңгімелесу

Монолог, диалог

Өз хоббиі жайлы айта алады, сұрай алады



18

 Northern Ireland

Мемлекетпен танысу

Өз мемлекетпен салыстыра алады



19

Mark Twain

Ақын шығармашылығымен танысу

Ақынның шығармашылығын айта алады



20

AbayKunanbayev

Дара ақын өмір- баяны мен танысу

Ағылшын тілінде ақынның шығармашылығын айту



21

The Adjective

Сын есім формасын таныстыру

Сын есімді сөйлемде қолдану



22

William Shakespeare

Ағылшын жазушысының өмір- баяны

Жазушыны тану, өлеңдерін жатқа айту



23

The Numerals

Сандар туралы түсіндіру

Санадарды сөйлемде қолдану



24

Kazakh National sport games

Ұлттық ойындарды ағылшын тілінде таныстыру

Ойындар туралы айтады



25

The Pronoun

Есімдіктің түрлерімен танстыру

Есімдікті сөйлемде қолдану



26

The United States of America

АҚШ мемлекетімен таныстыру

Мемлекет туралы өз ойын айту



27

The Conjunctions

Сөйлемде қолдану

Сөйлем құру



28

Australia

Салт- дәстүрмен таныстыру

Өз ойларын айту мемлекет жайлы



29

The Interjection

Сөйлемде қолдану

Сөйлемдерді құрастыра алады



30

Canada

Мемлекетімен таныстыру

Мемлекет жайында өз ойын айту



31

The Adverb

Сөйлемде қолдану

Сөйлемдерді құрастыра алады



32

New Zealand

Мемлекетімен таныстыру

Мемлекет жайында өз ойын айту



33

Forms of verbs

Етістіктердің формасын қолдануды үйрету

Сөйлемде формаларды дұрыс қолдана алады



34

Revision 

мен үш тілде сөйлей аламын КВН

Жарыс сабақ

«КВН» балалардың шеберлік шығармашылық сайысы



                    










Үйірмеге қатысатын оқушылар тізімі

Аты-жөні

Сыныбы

1

Әділжан А.

5 а

2

Болат М.

3

Улдаханова Қ.

4

Измахануова Н

5

Иминжанова Г.

6

Бахтияров Д

7

Велиев А

8

Нұрсағат К

9

Оразалиев Ә

10

Сабит А

11

Аблетов И

12

Турганова Ш


















Түсінік хат

           Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.

            Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану баланың шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Заманауи технологиялық ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым - қатынас жасай алады және ойын кезінде шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Оқыта−үйрету ойындары: дидактикалық, ситуациялық, сайыстық, қимылды, ырғақты−музыкалық және көркемдік және т. с. с көптеген түрлері бар.
             Балалардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы әр түрлі заманауи дидактикалық ойын арқылы балалардың тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
             Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересектеулеу балаларға қарағанда,олардың есте сақтау қабілеті де жоғары.
 «Ойын-бала қанының азығы» деп С. Торайғыров айтқандай, бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол – ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады.                    Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады
             Ойын үстінде сөйлемейтін, нашар оқитын оқушының өзі өзін жан-жақты көрсеткісі келіп, сыныптастарымен, ұстазымен қарым-қатынасын жақсартады, сөйлеу дағдысын байқатады. Ойын баланың жеке ерекшелік қасиеттерінің дамуына, ішкі жан дүниесінің жаңаруына, пәнге деген қызығушылығын оятады. Ойын оқушының байқампаздығын жетілдіреді, тілді білуге деген құмарлығын арттырады. Осыдан да ойын араласқан сабақтың жаңа түрін ойлап табу мұғалім шығармашылығын талап етеді.
            Шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге олардың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен қалғысы келмей емін-еркін, сөздерді қайта-қайта айтуда бір-біріне ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.

           «Көңілді ағылшын тілі» бағдарламасы бойынша сабақтар балаларды шет тілі мәдениетінің негізімен таныстырады, яғни балаға білім-білік дағдыларының базалық көлемін үйретеді. Сабақ оқуға және жазуға ауызша дайындық кезең болып табылады.













Мақсаты: 


Ø  балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы лингвистикалық қабілеттерін дамыту;

Ø Ойын түрлері арқылы тәрбиеленушілердің ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.

Міндеттер:

  • үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру; 
  • баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту; 
  • мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау; 
  • ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету; 
  • фонетикалық есту қабілетін дамыту; 
  • ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету; 
  • зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 
  • айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту. 
  • үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру; 
  • баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;