Жетісу облысы Панфилов ауданы Ават ауылы “Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ Облыстық азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйесін тексеру » Ават мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетісу облысы Панфилов ауданы Ават ауылы “Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ Облыстық азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйесін тексеру
23
ноябрь
2023

Жетісу облысы Панфилов ауданы Ават ауылы “Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ Облыстық азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйесін тексеру

Жетісу облысы Панфилов ауданы Ават ауылы “Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ
 Облыстық азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйесін тексеру
 Панфилов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Панфилов ауданы аумағында 2023 жылғы 23 қараша күні сағат 12:55-те «ҚЫС– 2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесіне облыстық тексеру жүргізілетінін хабарлайды.
Халықты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі басты іс-шаралардың бірі оны уақтылы хабардар ету және табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындауы немесе туындау қаупі туралы хабардар ету болып табылады.
Тексеру барысында теле және радиохабарларын ұстап алып, электр сиреналары мен сирен-сөйлеу қондырғылары қосылатын болады. Осыған байланысты Сізден үрейленбеуіңізді және түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, Панфилов ауданы ТЖБ сізге Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электр сиренасын қосу кезіндегі мінез-құлық ережелерін еске салады.
Егер сигнал сізді үйде ұстаса:
- радио және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;
- төтенше жағдай туралы хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер сигнал сізді сыртта тапса:
-көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы жеткізілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Сіздің аймағыңыздағы шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дармен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Панфилов ауданы ТЖБ